Алексис Ципрас Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Радикалды солшыл альянстың лидері  Алексис Ципрас Түркия мен елі арасында байланыс арнасының жоқтығына алаңдаушылық білдірді.

1881419
Алексис Ципрас Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Грекияның негізгі оппозициялық партиясы Радикалды солшыл альянстың лидері  Алексис Ципрас Түркия мен елі арасында байланыс арнасының жоқтығына алаңдаушылық білдірді.

Алексис Ципрас Халықаралық Салоники жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркиямен қарым-қатынасқа баға берді.

Ципрас Түркия мен Грекия арасындағы соңғы жылдардағы шиеленістің бұрын соңды болмағанын атап көрсетті.

Шиеленістің кең өріске өтуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдануы мүмкін екенін алға тартқан Ципрас әрбір грек азаматы сияқты өзінің де премьер-министр Кирякос Мицотакистен күткенінің Түркиямен диалог арналарын ашық ұстау екенін айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар