Ердоғаннан Арменияға шақыру

Президент Ердоған Арменияны Әзербайжанға бағытталған «арандатушылықтарын тоқтатуға» шақырды.

1881206
Ердоғаннан Арменияға шақыру

Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы күндері Әзербайжанға қарсы шабуылдарын арттырған Арменияны «арандатушылықтарын тоқтатуға» шақырды.

Президент Ердоған Өзбекстан сапарынан кейін Америка Құрама Штаттарына барған кезде журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Арменияның Әзербайжанға шабуылдарын қайта бастағаны және Шуша келісіміне қарағанда Түркияның аймаққа әскери жасақ жіберіп жібермейтіні туралы бір сұраққа қайтарған жауабында президент Ердоған «Арменияның арандатушылықтарын тойтару мақсатты басталған операцияны Әзербайжан аяқтағанын мәлімдеді. Операцияны аяқтаған болса, оны қозғаудың қажеті жоқ. (Әзербайжан президенті) Ильхам мырза берген ақпаратқа қарағанда әзербайжандық бауырларымыз өздерін қауіпсіз бір тұғырға орналастырды» деді.

Ердоған «Арменияның Әзербайжанға қарсы арандатушылықтан бас тартуы және бұрынғы міндеттемелеріне сәйкес әрекет ету арқылы тез арада бейбітшілік пен ынтымақтастыққа назар аударуы маңызды. Біздің тілегіміз – өңірімізде жүргізіліп жатқан қалыпқа келтіру үдерістерін сәтті аяқтап, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты тұрақты қамтамасыз ету» деді.

Сондай-ақ Қарабахтың аумақтық тұтастығын барлық аймақ елдерінің қолдау керектігін атап көрсеткен Ердоған 20 қазан күні Зәңгілан әуежайының ашылу рәсімін жасайтындарын хабарлады.

Түркияның дәнді дақыл дәлізімен байланысты Ресеймен де, Украинамен де байланыста екенін айтқан президент Ердоған «Астық дәлізі дамымаған елдер үшін жүргізілуі керек, бұл туралы біз (Ресей президенті Владимир) Путинмен сөйлестік. Біз мұны келесі процесте ұстанамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар