Түркия мен АҚШ делегациялары кездесті

Делегациялар аймақтағы саяси оқиғаларды талқылап, терроризмнің барлық түрлері мен әрекеттеріне қарсы тұру қажеттігін атап өтті.

1880714
Түркия мен АҚШ делегациялары кездесті

Түркия-Америка Құрама Штаттары  стратегиялық механизмінің үшінші тур кеңестері АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өтті.

Сыртқы істер министрінің орынбасары елші Седат Өнал АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Венди Шерман және Мемлекеттік хатшының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуландпен кездесті.

Делегациялар аймақтағы саяси оқиғаларды талқылап, терроризмнің барлық түрлері мен әрекеттеріне қарсы тұру қажеттігін атап өтті.

Жиналыста Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілікті ілгерілетудің маңыздылығы сөз болды.

АҚШ делегациясы Түркияның Украина астығының Қаратеңізден қауіпсіз өтуін қамтамасыз етудегі араағайындық әрекеттеріне риза екенін білдірді.

Кездесуде соңғы кезеңде екіжақты сауда байланыстары қарқын алғаны баса айтылып, экономикалық ынтымақтастықтың барлық салада одан әрі ілгерілейтіні айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар