Ердоған II Елизавета үшін көңіл айтты

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 96 жасында қайтыс болды.

1877828
Ердоған II Елизавета үшін  көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 96 жасында қайтыс болған патшайым II Елизаветаға көңіл айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік медиа аккаунтындағы мәлімдемесінде патшайым II Елизаветаның қайтыс болғанын естіп, қатты қайғыратынын айтты.

Ердоған «Корольдік отбасына, дос және одақтас Ұлыбритания халқы мен үкіметіне көңіл айтамын» деді.  

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп та әлеуметтік желідегі парақшасында «Патшайым II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания халқының қайғысына ортақпын және король отбасына көңіл айтамын» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар