Адамдық дамуы индексі рапортында Түркия 48-ші орында

БҰҰ-ның Адамдық дамуы индексі рапортында Түркия 191 елдің арасында 48-ші орында болды.

1877233
Адамдық дамуы индексі рапортында Түркия 48-ші орында

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адамдық дамуы индексі рапортында Түркия 191 елдің арасында 48-ші орында болды.

БҰҰ Даму бағдарламасы 2022 жылға арналған адамдық дамуы туралы рапортын «Белгісіз уақыт, беймаза өмір: өзгермелі әлемдегі болашағымызды қалыптастыру» деп атады.

Түркия рапортта индекс рейтингінде ең жоғары категория болып табылатын «өте жоғары адамдық дамуы» санатына қатарынан үшінші рет кіріп, биыл 191 елдің арасында 48-ші орынға ие болды.

Ұзақ және салауатты өмірге, ақпаратқа қол жеткізуге және лайықты өмір сүру деңгейіне негізделген рапорт бойынша Түркияда 1990 және 2021 жылдар аралығындағы адамдық дамуы индексінің үш өлшемінде де ілгерілеушілік байқалды.

Осы кезеңде Түркияда өмір сүру ұзақтығы 8,3 жылға, орта білім беру мерзімі 4,2 ​​жылға және білім беру мерзімі 9,3 жылға артты.

Ал жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кіріс бірдей кезеңде шамамен 139 пайызға өсті.

 



Ұқсас жаңалықтар