Президент Ердоған Белградта кездесулерін бастады

Кездесуден бұрын Ердоған мен Вучич баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

1876972
Президент Ердоған Белградта кездесулерін бастады

Президент Режеп Тайып Ердоған Балқан сапарының екінші аялдамасы Сербияның астанасы Белградта.

Президент Ердоғанды ​​Сербия президенті Александр Вучич Президенттік сарайда ресми рәсіммен қарсы алды.

Екеуара кездесуден бұрын Ердоған мен Вучич баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Ердоған сәуір айында Сербияда өткен президенттік сайлаудың елге пайдалы болуын тіледі. Екі ел арасындағы сауда көлемінің күн санап артып келе жатқанын айтқан Ердоған «Біз саяси, әскери, экономикалық немесе мәдени болсын, барлық салада ынтымақтасамыз. Сербия - Балқан түбегінің маңызды елі.  Сондықтан біздің қарым-қатынастарымыз күннен-күнге нығая түсуде. Арамыздағы сауда көлемі  2 миллиард долларға жетті. Біз оны арттырамыз» деді.

Сербия президенті Вучич те елі мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жақсы әрі ілгері екенін, екіжақты сауда көлемінің үнемі артып отырғанын айтты.

Түрік инвестициясының үздіксіз артып отырғанын атап көрсеткен Вучич аймақ елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатқандарын білдірді.

Одан кейінгі кездесу баспасөзге жабық өтті.

Делегациялар арасындағы кездесуден кейін әртүрлі салалардағы ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылады. Артынан  Ердоған мен Вучич ортақ баспасөз мәслихатына қатысады.

Түркия-Сербия бизнес форумына да қатысатын президент Ердоғанның құрметіне Вучич ресми ас береді.

Президент  Ердоған кешке Хорватияға аттанады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар