Ішкі істер министрі Сойлу PKK-лық 3 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желіден мәлімдеме жасады.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шырнак Фарашин жайлауының ауылдық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.
Сойлу әлеуметтік желідегі аккаунтында бөліскен хабарламасында «Ерен Аблука-27» операциясы аясында Жандармерия арнайы операциялық тобы мен десанттардың Шырнак Фарашин жайлауының ауылдық жерлерінде операция жасағанын білдірді.
Министр Сойлу «J-SİHA» деп аталатын Жандармерия қарулы пилотсыз әуе көлігі және әуе күштері қолбасшылығының қолдауымен 3 террористтің залалсыздандырылғанын атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.