Челиктен Грекияға наразылық

Өмер Челик партиясының Орталық Мәжіліс жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

1874967
Челиктен Грекияға наразылық

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Грекияның түрік әскери ұшақтарын қудалауының қауіпті салдары болуы мүмкін екенін ескертті.
Өмер Челик партиясының Орталық Мәжіліс жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.
Түрік әскери ұшақтарына Грекияның Крит аралында орналастырылған "S-300" зымыран жүйелерінің 23 тамыз күні қысым жасағанын еске салған Челик «Ұшақтарымыздың радарларын бұзуы НАТО-ның ережелері бойынша дұшпандық ұстанымы деп есептеледі. Оның қауіпті нәтижесі болуы мүмкін. Жасағандарының Түрік Қарулы күштері (ТҚК) тұрғысынан мәні жоқ. ТҚК қуаты мен үлкендігіне қарсы радарларды бұзуы өзіне қауіп төндіреді. Түркия мен Грекия арасындағы мәселелерді үстел басында шешуге болады, бірақ әрқашан үстелден қашатын грек жағы болды. Түркия – үлкен дипломатиялық мемлекет. Бұл мәселе радарды бұзумен шешілетін нәрсе емес. Түрік дипломатиясы мен дәстүрінің шешу қабілеті жоғары екені және шешімдер ортада» деді.

Челик «Грекияның бұл ұстанымының қауіпті нәтижелері болуы мүмкін. Бұл әлемнің ешқашан қаламаған нәрсесі» деді.



Ұқсас жаңалықтар