Түркия Грекияның арандатуын НАТО-ға жеткізеді

NGH Ұлттық қорғаныс министрлігі грек лауазымдылар "дұшпандық әрекеттерін" мойындамаған соң қозғалды.

1874193
Түркия Грекияның арандатуын НАТО-ға жеткізеді

Түркия Грекияның Эгей және Жерорта теңізінің шығысында ұшу қызметін атқарып жатқан түрік әскери ұшақтарына орыс «S-300» әуе қорғаныс жүйесімен қудалауының радар жазбаларын НАТО Бас хатшылығы мен одаққа мүше елдердің қорғаныс министрліктеріне жіберуге дайындалады.

Жерорта теңізіндегі халықаралық әуе кеңістігінде қызмет атқарған Әскери-әуе күштері қолбасшылығына қарасты «F-16 әскери ұшақтар» 23 тамыз күні Крит аралында орналасқан «S-300» жүйесі тарапынан қысымға алынды.

«S-300» жүйесінің нысананы бақылау және зымыран радары Родос аралының батысында 10 мың фут биіктікте ұшу қызметін атқарып жүрген F-16 әскери ұшағы жер-әуе зымыранымен бұғаттады.

Грек әскери лауазымдылары керісінше НАТО қарсы шабуыл ережесінде «дұшпандық қимыл» деп қабылданатын аталмыш әрекетті жоққа шығаруды таңдады.

ТР Ұлттық қорғаныс министрлігі грек лауазымдылары мойындамаған соң қозғалды.

Одақтастық рухымен сәйкес келмейтін аталмыш құдалаумен байланысты радарлық көріністер алынды. Көріністердің НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрліктеріне, әсіресе НАТО Бас хатшылығына жіберілетіні білдірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар да аталған қудалауға қатысты мәлімдеме жасап, «Тұрақты түрде шиеленісті арттыруға тырысатын көршіміздің не істегенін көру, түсіну және түсіндіру қажет. Осыншама ашық бұзақылық пен абайсыз ұстанымға жол берілмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар