Ердоғаннан Грекияға наразылық

Президент Ердоған түрік әскери ұшақтарын қудалаған Грекияға наразылық көрсетті.

1873922
Ердоғаннан Грекияға наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған «Грекия әуе кеңістігімізді, ұшақтарымызды, қудалаумен бастаған дұшпандық ұстанымын S-300 зымыран жүйесімен радарды бұғаттау сатысына көтеріп, НАТО мен одақтастарына қарсы шықты» деді.

Президент Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте үн қатты.

Ұлы соғыстың араларында Грекия да бар дұшпан әскерлеріне қарсы күрестің соңғы кезеңі болған Жеңіс күнінің 100 жылдығын тойланғанын еске салған Ердоған бұл күндері Грекиямен арадағы шиеленістерге де тоқталды.

Ердоған «Грекия не саяси, не экономикалық, не әскери тұрғыдан бізге тең және қарсыласымыз емес. Бір ғасыр бұрынғыдай, біз бүгін Грекияны пайдаланып, еліміздің уақыты мен күшін босқа кетіргісі келетіндердің нағыз мақсаттарын білеміз.

Грекия әуе кеңістігімізді, ұшақтарымызды, қудалаумен бастаған дұшпандық ұстанымын S-300 зымыран жүйесімен радарды бұғаттау сатысына көтеріп, НАТО мен одақтастарына қарсы шықты. Бізге F35 әскери ұшағын бермейді екен, біз сатып алған (Ресейден) әуе қорғаныс жүйесіне (S-400) наразылық көрсетеді екен, бізге бәрі бір. Бізден қызғанған өнімнің барлығын өңдеу қабілетіміз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар