Акар бауырлас елдердің Қорғаныс министрлерімен бас қосты

Ұлттық қорғаныс министрі ресми сапармен Анкараға келген кейбір министрлер және министр орынбасарларымен бас қосты.

1873979
Акар бауырлас елдердің Қорғаныс министрлерімен бас қосты
akar-savunma bakanlari1.jpg
akar-savunma bakanlari.jpg

ТР Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияға сапармен келген кейбір министрлер және министр орынбасарларын қабылылдады.

Акардың шақыруымен Түркияға келген Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Гасанов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоғлу, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Сұлтан Камаледдинов, Қырғызстан Қорғаныс министрінің орынбасары бригада генералы Ақылбек Ибраев және Өзбекстан Қорғаныс министрінің орынбасары полковник Хамдан Каршыевпен Ұлттық қорғаныс университеті Әскери академиясында өткен жиналыста бас қосты.

Акар Түрік Қарулы Күштері (ТҚК) қолбасшылық кадрларымен министрлер мен олардың орынбасарларын бір-бірлеп қарсы алды.

Министр Акар өз сөзінде бауырлас елдер ретінде бас қосудың маңыздылығына тоқталып «Баршаға мәлім. Әлемде ешкім жалғыз тұра алмайды. Сол себепті дос, бауырлас, одақтас елдер бір-біріне көмектесіп, келіссөздер жүргізуі шарт. Бізге қатысты әскери білім беру және қорғаныс өнеркәсібі салаларында ынтымақтастығымызды одан әрі дамыта аламыз. Бұл тақырыптарда шешім қабылданған жоқ, үстел таза. Барша өз ойын, пікірін ортаға салған соң бірге шешеміз. Өйткені бейбіт кезеңдерді дұрыс пайдалана алмасақ, тәуекел кезеңдерде кешігіп қаламыз. Біздің бұл ісіміз ешқандай үшінші мемлекеттерге қарсы көзқарасты білдірмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар