Украина Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шентоп Украина парламентінің басшысы Руслан Стефанчукқа ұлттық мерекеге орай құттықтау хат жолдады.

1872036
Украина Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мұстафа Шентоп Украина парламентінің басшысы Руслан Стефанчукқа ұлттық мерекеге орай құттықтау хат жолдады.

Шентоп өз хатында Украинаның Тәуелсіздік күнімен өзі және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелері атынан құттықтап, былай деді: "Ортақ тарихи және мәдени байланыстарымыз бар Украинамен қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсуде. Парламенттер арасындағы берік ынтымақтастықтың бұл үдерістегі қарым-қатынастарымызды жеделдете түсуі өте құнды. Түркия Украинаның саяси бірлігін, егемендігін және территория тұтастығын қолдауды жалғастырады. Сізге және Украина парламентінің құрметті депутаттарына зор денсаулық және табыс тілеймін».



Ұқсас жаңалықтар