Калын Мәскеу-Киев қарым-қатынасын бағалады

Ибрахим Калын Американың «CNN International» телеарнасында Мәскеу-Киев қарым-қатынасына баға берді.

1871804
Калын Мәскеу-Киев қарым-қатынасын бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын дәнді дақыл дәлізі келісімінің Ресей мен Украина үшін келіссөздерді қайта бастау үшін жаңа платформа құра алатынын мәлімдеді.

Ибрахим Калын Американың «CNN International» телеарнасында Мәскеу-Киев қарым-қатынасына баға берді.

Калын Ресей мен Украинаның келіссөздердің қайта бастау үшін халықаралық қоғамның да қолдауы керектігін атап, «Екі жақта да нақты түсіністік пен еріктілік болуы керек. Түркия бұл мәселеде тараптарды жақындастыру үшін көп күш жұмсауда» деді.

Президенттің баспасөз хатшысы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Украинадағы Запорожье Атом электр станциясына қысқа мерзімде баруының мүмкін екенін білдірді.

Калын тәуелсіз делегацияның атом стансасында қауіпсіз және еркін бір ортада жұмыс істейтініне және бұл сапардың шиеленісті біраз уақытқа тоқтататынына сенгенін атап, Ресейге қоса ешкімнің ядролық бір апатты қаламайтынын атап көрсетті.

Ибрахим Калын Түркияның халықаралық делегацияларды шақырып атом стансасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қалайтынына тоқталды.

Калын сонымен қатар Ресейдің Қырымды аннексиялауының заңды емес екенін, Түркияның бұл мәселедегі ұстанымының 2014 жылдан бері өзгермегенін ескертті.

Қырымның Украинаның бір бөлігі екенін атап көрсеткен Ибрахим Калын мұның кез-келген келісімге негіз болу керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар