Битлисте операция басталды

Ішкі істер министрлігі Битлисте «Ерен аблука-32» операциясын бастады.

1864884
Битлисте операция басталды

Битлисте 520 қызметкердің қатысуымен «Ерен аблука-32» шейіт қауіпсіздік қызметкері Экрем Аккая операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігі бөлшектеуші PKK террор ұйымын елдің күн тәртібінен шығару және террористтерді залалсыздандыру мақсатында Битлисте «Ерен аблука-32» операциясын бастады.

Битлис аймағы жандармерия қолбасшылығы мен Ван аймағы жандармерия қолбасшылығы бірлесіп жүргізген операцияға 520 қызметкер және жандармерия арнайы жасақтары, жандармерия топтары және қауіпсіздік күзет топтарынан құралған 51 оперативтік команда қатысуда.

Операцияның бірінші күнінде террористтер пайдаланған 4 бункер мен баспана анықталды.

Мұнда қолға түскен көп мөлшердегі азық-түлік, тұрмыстық және тазалық материалдары жойылып, баспаналар қиратылды.



Ұқсас жаңалықтар