Ердоған: "Ресей-Украина соғысының жағымсыз әсерлерінен қорғай алдық"

Президент Ердоған Кожаелидегі IT алқабында өткен марапаттау рәсімінде үн қатты.

1864574
Ердоған: "Ресей-Украина соғысының жағымсыз әсерлерінен қорғай алдық"

Президент Режеп Тайып Ердоған ынтымақтастықты, бейбітшілікті, дипломатияға басымдық беретін теңгерімді саясатпен Ресей-Украина соғысының жағымсыз әсерінен Түркияны қорғай алғандарын айтты.

Ердоған Кожаелидегі IT алқабында өткен марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде бір елдің технологиялық тәуелсіздігін алмай, отандық өнеркәсібін қалыптастырмайынша экономикалық немесе саяси салада еркіндігін орната алмайтынын айтты.

Қорғаныс саласында шетелге тәуелділік қалай  ауыр мәселелер тудыратын болса, технология мен өндірістегі сыртқы тәуелділіктің де осындай қауіп төндіретінін атап көрсеткен Ердоған жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы кезінде болған оқиғалар бұл шындықты назар аударатындай ортаға қойғанын, Түркия ретінде бұл азапты процесте денсаулықпен қатар экономикада да сәтті сынақтан өткендерін айтты.

Түркияның өткен жылы қол жеткізгенін 11 пайыздық өсіммен Үлкен жиырмалық елдері арасында бірінші орын алғанын, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,3 пайыздық өсімге және экспортта ай сайын рекорд жаңартқанын түсіндірген президент «Өнеркәсібі, өндірістік қуаты, білікті жұмыс күші, үш құрлықты байланыстыратын стратегиялық тұғыры, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымымен еліміздің жұлдызы жарқырап тұр. Жаһандық азық-түлік және энергетикалық дағдарыс туралы айтылып жатқан шақта, құдайға шүкір, бізге әбден қолайлы. Ынтымақтастыққа, бейбітшілік пен дипломатияға басымдық беретін теңгерімді саясатымызбен елімізді Ресей-Украина соғысының жағымсыз әсерлерінен қорғай алдық» деді.

Ердоған астық дәлізін ашу арқылы Түркияның жаһандық мәселелерді шешудегі белсенді рөлін растағандарын атап өтті.

Президент Ердоған пилотсыз әуе көліктеріне қатысты болса әлемде бұл салада Түркиямен ортақ инвестиция жасағысы келетін алпауыт державалардың бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар