PKK Сирияда БАҚ өкілдерін кепілдікке алды

Сирия Адам құқықтары ұйымы террор ұйымы YPG/PKK-ның Раккада БАҚ өкілдерін кепілдікке алғанын мәлімдеді.

1861838
PKK Сирияда БАҚ өкілдерін кепілдікке алды

Террор ұйымы YPG/PKK-ның Сирияның шығысындағы Ракка қаласында 16 БАҚ өкілін кепілдікке алғаны хабарланды.

Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы құқық бұзушылықтарды құжаттайтын Сирия Адам құқықтары ұйымының (САҚҰ) мәлімдемесіне қарағанда, «SDG» (Сирия Демократиялық күштері) деген атауды пайдаланатын YPG/PKK басып алған Ракка қаласында 30 шілде күні жергілікті ақпарат құралдарының 16 қызметкерін кепілдікке алды.

Баспасөз қызметкерлерін қорғау керектігіне тоқталған мәлімдемеде ұйымның «тыңшылық» айыбымен ұстаған жергілікті БАҚ қызметкерлерінің дереу босатылуы талап етілді.

БАҚ өкілдерінің YPG/PKK-лық террористтер тарапынан тұтқындалуын айыптайтын САҚҰ террор ұйымы басып алған аймақтарда баспасөз бостандығын жою үшін қадам басылғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар