Сойлу Болгария Ішкі істер министрімен сөйлесті

Екі министр жаңа шекара қақпасының ашылуы, шекара қауіпсіздігі және тәртіпсіз көшпен күрес мәселелерін талқылады.

1861254
Сойлу Болгария Ішкі істер министрімен сөйлесті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Болгария Ішкі істер министрі Бойко Рашковпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда, Сойлу мен Рашков екі ел арасында жаңа шекара қақпасының ашылуы, шекара қауіпсіздігі және тәртіпсіз көшпен күрес мәселелерін талқылады.

Министр Сойлу болгариялық әріптесіне ішкі істер министрліктері арасындағы барған сайын артып келе жатқан кездесулер мен байланыстардың көршілес екі елдің ынтымақтастығы мен шынайы диалогына ықпал еткенін айтты.

Телефон әңгімесінде өткен айда күн тәртібіне келген Кыркларели Резве өзенінде жаңа шекара қақпасының құрылуына қатысты бағалаулар да жасалды.

Сойлу мен Рашков сондай-ақ екі елдің ішкі істер министрліктері арасында ортақ механизм жиналысын өткізуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар