TRT-ге Әзербайжаннан марапат

Әзербайжанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтті.

1858019
TRT-ге Әзербайжаннан марапат

Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) Әзербайжандағы 2-ші Қарабах соғысы (27 қыркүйек - 10 қараша 2020 ж.) кезіндегі жаңалықтары үшін марапатқа ие болды.

Әзербайжанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтті.

Осы күнге орай Әзербайжанның тұңғыш түрік газетінің атымен аталған «Экинджи» марапаттау рәсіміне елдің саясат, өнер және баспасөз әлемінен ардагерлер мен лауазымды тұлғалар қатысты.

Салтанатты шарада ТРТ Әзербайжан баспасөзінің дамуына қосқан үлесі, Қарабах соғысы кезіндегі және одан кейінгі хабарлары мен эфирлері үшін марапатқа лайық деп танылды.

ТРТ атынан сыйлықты корпорацияның Бакудегі өкілі Мұрат Аккоч алды.



Ұқсас жаңалықтар