Интерпол іздеген террорист залалсыздандырылды
Ішкі істер министрі Сойлу қызыл бюллетеньмен іздеу салынған Нежати Утку атты террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.
Халықаралық Интерпол басқармасы тарапынан қызыл бюллетеньмен іздеу салынған, Түркияның Ішкі істер министрлігінің «Терроризмнен іздеу салынғандар» тізімінде қызғылтсары категориясында тұрған Азат Кендал лақап атты Нежати Утку залалсыздандырылды.
ТР Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қызыл бюллетеньмен іздеу салынған Нежати Утку атты террористтің Диярбакыр полиция дирекциясының операциясы нәтижесінде залалсыздандырылғанын хабарлады.
«Көп уақыттан бері осы террористі аңдып жүр едік. Полиция барлау және Диярбакыр полиция қызметінің табысты операциясы нәтижесінде жандармерия соққыны берді. Көптеген лаңкестіктің жауаптысы Нежати Утку және тағы бір террорист енді ықпалсыз жағдайда. Рақмет, қаһармандар!» деп жазды министр.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.