Зеленский Түркияға алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленский «Мен БҰҰ мен Түркияға күш-жігерлері үшін алғыс айтамын» деді.

1855103
Зеленский Түркияға алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия мен Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуді қалпына келтіруге күш салғаны үшін алғысын білдірді.

Зеленский Telegram-дағы мәлімдемесінде Украина порттарынан астықтың шығуын қамтамасыз ету үшін Түркия, Ресей, Украина әскери делегациялары мен БҰҰ делегациясы арасында Стамбулда өткен төрт жақты кездесуге қатысты баға берді.

Зеленский әлемдік нарыққа азық-түлік жеткізуді қайта бастау үшін өте маңызды күш-жігер жұмсап жатқанын айтты.

Зеленский «Мен БҰҰ мен Түркияға күш-жігерлері үшін алғыс айтамын. Бұл оқиғаның табысы тек біздің мемлекетімізге ғана емес, бүкіл әлемге аса қажет» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар