Шариф Пәкістан мен Түркияның қарым-қатынастарына тоқталды

Шариф Түркиямен бауырластық байланыстарды өзара сенім, түсіністік және бір-бірінің ұлттық мүдделеріне қолдау көрсету тұрғысынан бірегей деп сипаттады.

1853564
Шариф Пәкістан мен Түркияның қарым-қатынастарына тоқталды

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Түркия мен елінің бауырластық байланыстарын өзара сенім, түсіністік және бір-бірінің ұлттық мүдделеріне қолдау көрсету тұрғысынан бірегей деп сипаттады.

Пәкістан радиосының хабарына қарағанда Түркияның Пәкістандағы өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Пачажы ел астанасы Исламабадтағы премьер-министрлік кеңсесінде Шахбаз Шариф тарапынан қабылданды.

Шариф Түркиямен бауырластық байланыстарды өзара сенім, түсіністік және бір-бірінің ұлттық мүдделеріне қолдау көрсету тұрғысынан бірегей деп сипаттап, Джамму Кашмир мәселесінде Анкараның Исламабадқа қолдау көрсетуіне риза болғанын атап көрсетті.

Пәкістанның Түркияның басты мүдделерін қолдайтындарын қайталаған Шахбаз Шариф қыркүйек айында Исламабадта өтетін Түркия-Пәкістан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды ​ асыға күтетінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар