Ердоған мен Драги ортақ мәлімдеме жасады

Президент Ердоған ресми сапары аясында бас қала Анкарада болған Италия премьер-министрі Марио Драгимен оңаша кездесті.

1852392
Ердоған мен Драги ортақ мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңіздегі дәнді дақыл дәлізі жайлы «Бір апта немесе 10 күн ішінде келіссөздерімізді жандандырып, нәтижеге жетуге тырысамыз» деп көрсетті.

Президент Ердоған ресми сапары аясында бас қала Анкарада болған Италия премьер-министрі Марио Драгимен оңаша кездесті. Үкіметаралық саммит отырысы және келісімдерге қол қою рәсімінен кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Ердоған Драгимен ынтымақтастық мүмкіндіктерін дамытуға назар аударғандарын білдірді.

Президент Ердоған «Екі Жерорта теңізі елі ретінде біз аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмастық. Біз көптеген салалардағы қарым-қатынастарымызды институттандыруды нығайта түсетін 9 келісімге қол қойдық. Экономикалық және коммерциялық қарым-қатынасымыз күннен-күнге жақсарып келеді. Эпидемияға қарамастан біздің сауда көлемі өткен жылы 34 пайызға өсіп, рекордтық деңгейде 23 миллиард доллардан асты. Біздің екіжақты саудамыздың тағы бір ерекшелігі оның теңгерімді болуы. Ағымдағы көрсеткіштер біздің биыл 25 миллиард доллар межеден оңай өтетінімізді көрсетіп отыр» деген сөздер қолданды.

Бір журналисттің дәнді дақыл мәселесі туралы сұрағына Ердоған әсіресе Қаратеңіз дәлізінің маңызды екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путиннің де, Украина президенті Владимир Зеленскийдің де мәселеге қатысты көзқарастарының маңызды екенін айтқан Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Біз келіссөздерді жалғастырып жатырмыз. Мысалы бізде қазір бұл мәселелер бойынша проблема жоқ, бірақ әлемде бір мәселе бар. Әсіресе Африкада күрделі мәселе бар және біз бұл мәселеде екі көшбасшыға дәнекер болғымыз келеді және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының шаңырағы астында Бас хатшы  Гутерриш мырзамен кездесу арқылы жалғастырғымыз келеді. Бір апта немесе 10 күн ішінде бұл келіссөздерді күшейтіп, нәтижеге жетуге тырысамыз» деп көрсетті.

Марио Драги болса Анкараның Қаратеңіз аймағында дәнді дақыл дәлізін ашу әрекетінің мақтауға тұрарлық екенін және БҰҰ-ның дәлізге байланысты жұмыс істеп жатқан жоспарында Түркияның орталық рөлге ие екенін айтты.

Президент Ердоған кейін Италия премьер-министрі Марио Драги құрметіне ресми түскі ас берді.



Ұқсас жаңалықтар