Түркия АҚШ-қа көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иллинойс штатында жасалған шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1851913
Түркия АҚШ-қа көңіл айтты

Түркия Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Иллинойс штатында «4 шілде Тәуелсіздік күні» мерекелік іс-шаралары кезінде жасалған қарулы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Тәуелсіздік күнін» тойлау кезінде жасалған қарулы шабуыл нәтижесінде қаза тапқандар мен жараланғандардың санының көп екеніне өкініш білдірілді.

Мәлімдемеде «АҚШ халқы мен әкімшілігіне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар