Сирияда 11 террорист залалсыздандырылды

Мардинде 679 қызметкердің қатысуымен «Ерен Аблука-20» операциясы басталды.

1852304
Сирияда 11 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Евфрат қалқаны» және «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында анықталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 11 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Террористтер қашуға ін таба алмауда. «Евфрат қалқаны» және «Бейбітшілік бұлағы» операцияллық аймағында анықталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 11 террорист залалсыздандырылды. Операцияларымыз табандылықпен жалғасуда» деп көрсетілді.

Ирактың солтүстігінде де бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 9 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Террорист ұяларын күйретудеміз. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында анықталған 9 террорист Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылды» деген сөздерге орын берді.

Енді бір жағынан Мардинде 679 қызметкердің қатысуымен «Ерен Аблука-20» операциясы басталды.



Ұқсас жаңалықтар