Маусым айында 142 террорист залалсыздандырылды

Исмаил Чатаклы "Маусым айында барлығы 33 мың 465 заңсыз мигрант пен 612 ұйымдастырушы ұсталды" деп көрсетті.

1851620
Маусым айында 142 террорист залалсыздандырылды

Маусым айында 142 террорист залалсыздандырылды және 16 лаңкестік әрекеттің алды алынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы ел астанасы Анкарада өткен «Ай сайынғы баспасөз ақпарат жиналысында» терроризмге қарсы операциялардың тоқтаусыз жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Исмаил Чатаклы  «Маусым айында террор ұйымы PKK-ға қарсы іс-шаралар аясында ауылдық жерлерде және ұяшықта 8-і үлкен және 61-і орта деңгейде барлығы 12 мың 654 ауылдық операция жүргізілді. Сондай-ақ барлық террор ұйымдарының қалаларда әрекет жасауларына және оның сыбайластарына қарсы 1421 операцияжасалды. Сонымен бірге маусым айында террор ұйымдарға көмектескені және ұйымдармен байланыста болды деп есептелген 2 мың 791 күдікті қамауға алынып, олардың 405-і ұсталды. Маусым айында барлығы 16 лаңкестік әрекеттің алды алынды» деген сөздер қолданды.

Чатаклы сонымен қатар заңсыз босқындармен күрес туралы былай деді: «Маусым айында барлығы 33 мың 465 заңсыз мигрант пен 612 ұйымдастырушы ұсталды. Еліне оралған сириялықтардың саны 509 мың 791 және қазір тіркелген сириялықтардың саны 3 миллион 648 мың 983. Жыл басынан бері депортацияланған заңсыз мигранттар саны 48 мың 233, маусым айында депортацияланған заңсыз мигранттар саны 16 мың 710 ».

 



Ұқсас жаңалықтар