Бір әскер шейіт болды

Жаяу әскер маманы сержант Серхат Балдың шабуыл салдарынан шейіт болғаны хабарланды.

1851790
Бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігінде жүргізілген «Пенче-Килит» операциясында террорлық шабуыл салдарынан бір сарбаз шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Ирактың солтүстігінде жүргізілген «Пенче-Килит» операциясы  аймағында террористер тарапынан айтақтау мақсатымен оқ атылғаны білдірілді.

Жаяу әскер маманы сержант Серхат Балдың шабуыл салдарынан шейіт болғаны атап өтілген мәлімдемеде:

«Бізді ауыр қайғы мен ауыртпашылыққа душар еткен осы оқиғада қаза тапқан қымбатты шейітімізге Алладан рақым тілейміз. Қайғылы отбасына, Түрік Қарулы Күштеріне және асыл ұлтымызға қайғырып көңіл айтамыз және сабыр тілейміз» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар