Швеция 73 террористі бізге тапсырып береді

Президент Ердоған «Швеция бізге 73 террористті тапсырып береді. Қазір олар 3-4-ін тапсырып берді, бірақ бұл жеткіліксіз» деп көрсетті.

1850787
Швеция 73 террористі бізге тапсырып береді

Президент Режеп Тайып Ердоған Испанияда өткен НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитінен кейін журналистерге мәлімдеме жасады.

Швецияның 73 қашқын террористті Түркияға тапсырып беру жайлы уәде бергенін еске салған президент Ердоған «Швеция бізге 73 террористті тапсырып береді. Қазір олар 3-4-ін тапсырып берді, бірақ бұл жеткіліксіз» деген сөздер қолданды.

Швецияның 73 қашқын террористті Түркияға тапсырып беру жайлы уәде бергенін еске салған президент «Әрине біздің Әділет министрлігіміз, Сыртқы істер министрлігіміз, Ұлттық барлау ұйымымыз оларды жіті қадағалап, соңынан еріп «Мына террористерді бізге жіберіңдер» деп айтатын болады. Егер олар келмеген жағдайда біз мекемелереміз және органдарымыз арқылы шаралар қолданамыз» деп көрсетті.

 «Бұдан кейін ПКК мен ФЕТО мүшелерінің террорлық үгіт-насихат жасауы, елімізге және азаматтарымызға шабуыл жасап, бүлік шығаруы әлдеқайда қиын болады» деген Ердоған «Бұдан кейінгі процесс Швеция мен Финляндияға байланысты. Әрқандай бір қателік жасалатын болса, онда шара қолданамыз» деді.

Ердоған саммит аясында өткізілген кездесулерде террор ұйымдары PKK/PYD/YPG және ФЕТО-ның НАТО-ның жазба деректеріне енгізілгенін де білдірді.

Президент Ердоған «Бұл мәселе алғаш рет жазбаша түрде тіркелді. Басқаша айтқанда, PKK Еуропа Одағының мәтіндерінде бар еді, бірақ YPG/PYD және ФЕТО тіркелмеген еді» деген сөздер қолданды.

Енді бір жағынан Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденмен өткізген кездесуінде Сириядағы террористтерге жүк көліктерімен жіберілген қару-жарақтардың күн тәртіпке келіп келмегені жайлы сұраққа орай  Ердоған: «Бұл тақырып әрине күн тәртіпке келді. (АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд) Трамп билігі кезінде бұл жерге мыңдаған жүк көлігі қару-жарақ, құралдар, жабдықтар мен оқ-дәрілер әкелінді. Біз бұл жерде террор мәселесін қолға аламыз. Бірақ Түркияны нысанаға алған террористерге қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік және құрал-жабдықтар берілсе, онда  біз НАТО-дағы серіктестер ретінде қалай селбесе жұмыс істей аламыз?» деп көрсетті.

Ердоған сондай-ақ НАТО саммитіндегі барлық көшбасшылардың «Араағайындық жасайық, Түркия мен Грекияның басын қосайық» сынды тұғыр ұстанғанын айтып, «Кешіріңіз, әзірше бұған бөлетін уақытымыз жоқ» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар