Ердоған мен Байден телефонда сөйлесті
Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде Джо Байденнің НАТО саммитінде Президент Ердоғанмен кездесетіні хабарланды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Түркия-АҚШ қарым-қатынастары жайлы жағдайлар мен аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден телефондағы әңгімеде Испанияның астанасы Мадридте ұйымдастырылатын НАТО ел және үкімет басшылары жиналысы алдында саммит күн тәртібін бағаландырды.
Президент Ердоған Мадридке аттанар алдында әуежайында жасаған мәлімдемесінде бүгін азанда АҚШ президентімен телефонда сөйлескенін, Байденнің бүгін кеште немес е ертең азанда кездесу тілегін жеткізгенін, оған "мүмкін" деп жауап бергенін білдірді.
Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде Джо Байденнің НАТО саммитінде Президент Ердоғанмен кездесетіні хабарланды.