Түркияның Эквадор туралы саяхат ескертуі

ТР Сыртқы істер министрлігі түрік азаматтарына Эквадорға саяхат туралы ескерту жасады.

1848384
Түркияның Эквадор туралы саяхат ескертуі

Түркия Эквадорда тұратын немесе бұл елге баратын азаматтарын жаппай шерулер өтетін аумақтардан аулақ болуға шақырды.

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Эквадорға саяхат туралы ескерту жасалды.

Елдегі соңғы кездері болған әлеуметтік оқиғалар себепті Эквадор үкіметінің 18 маусым күні Пичинча, Котопакси және Имбабура уәлаяттарында 30 күндік мерзіммен төтенше жағдай жариялағанына назар аударылған мәлімдемеде «Осы тұрғыдан қазір Эквадорда тұрып жатқан немесе осы елге баратын азаматтарыдың министрлік пен Түркияның Эквадордағы елшілігі жасайтын қосымша ескертулер мен хабарландыруларды ұстануы, жаппай демонстрациялар өтетін жерлерден аулақ болуы және жеке бастарының қауіпсіздігі үшін қажетті сақтық шараларын қабылдап, абай болулары міндетті» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ түрік азаматтарының Консулдық байланыс орталығына +90 312 292 29 29, Түркияның Эквадордағы елшілігіне +593 2 333 1742 және +593 98 612 1734 және "embassy.quito@mfa.gov.tr" электрондық пошта адресіне тікелей байланысуға болатынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар