Наджиб Микати Түркияға алғыс айтты

Ливан премьер-министрі Наджиб Микати барлық салада еліне жасалған қолдауға орай  Түркияға алғыс айтты.

1848354
Наджиб Микати Түркияға алғыс айтты

Премьер-министрдің кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Микати Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы төрағасы Режеп Акдағты қабылдады.

Микати мен Акдағтың екі ел арасындағы денсаулық сақтау ынтымақтастығы және бұл жөніндегі қарым-қатынастардың дамытылуын қолға алғандары білдірілді.

Микати мен Акдағтың кездесуінде Ливан Денсаулық сақтау министрі Фираз Абяд және Түркияның Ливандағы өкілетті және төтенше елшісі Али Барыш Улусой да орын алды.

Режеп Акдағ «Ливанда тұрақты денсаулық сақтау жүйесіне қарай» атты конференцияға қатысу үшін 24 маусымда Ливанның астанасы Бейрутқа барған еді.



Ұқсас жаңалықтар