Алтун: "Бейбітшілікке ұмтылуымыз керек"

Алтун 5 шілде күні өтетін Түркия-Италия 3-ші үкіметаралық саммиті алдында итальяндық Il Messaggero газетіне сұхбат берді

1848734
Алтун: "Бейбітшілікке ұмтылуымыз керек"

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Ресей-Украина соғысы кезінде Түркияның әртүрлі жағдайда мақсатының әділ бейбітшілікке үлес қосу екенін білдірді.

Алтун 5 шілде күні өтетін Түркия-Италия 3-ші үкіметаралық саммиті алдында итальяндық Il Messaggero газетіне сұхбат берді.

Түркияның Украинада бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін талпынғанын еске отырып, соғыстың аяқталып, бейбіт келісім жасаудың мүмкін болып болмағаны туралы қойылған сұраққа қайтарған жауабында Алтун Түркияның ерекше бір тұғыры бар екенін және президент Режеп Тайып Ердоғанның мықты басшылығымен Украина дағдарысы басталған күннен бері осы күшті бейбітшілік үшін пайдалануға тырысатынын айтты.

Украинада соғыстың басталуымен "Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясын" іске қосып, соғыс кемелерінің Қаратеңізге өтуін тоқтатқандарын айтқан Алтун Украина халқына маңызды көлемде гуманитарлық көмек жеткізгендерін де атап көрсетті.

Фахреттин Алтун «Түркияның әртүрлі жағдайда мақсаты – әділ бейбітшілікке үлес қосу. Екінші жағынан бұл соғысты мүмкіндігінше ұзартқаннан пайда табамын деп сенетін актерлер бар. Олар «соғыс созылса, Ресей әлсірейді» деп ойлап, украиндарды соғысты ұзарту үшін ғана қолдап отыр. Түркия ешқашан бұлардың бірі болған емес, болмайды да. Бейбітшілікке сеніп, бейбітшілікке ұмтылуымыз керек» деді.

Түркияның Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне қарсы екені ескертілгенде Алтун «Еуроодақтың террористік ұйымдар тізімінде болуына қарамастан PKK-ның тиісті елдерде (Швеция және Финляндия) ақша жинауына, содырларды көндіріп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне кедергі жоқ. Сол сияқты олар PKK-ның Сириядағы тармағы YPG және Түркияда төңкеріс әрекеті жасаған ФЕТӨ террор ұйымы мүшелеріне қауіпсіз баспана береді. Осы тақырыптарда  тұрақты және нақты қадамдар жасалғанына сенім болмай Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне келісе алмаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар