Президент Ердоған Андерссон және Столтенбергпен сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

1848151
Президент Ердоған Андерссон және Столтенбергпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Швецияның НАТО-ға мүшелік өтінішіне қатысты тақырыптар талқыланды.

Президент Ердоған Швецияның терроризммен күрес сияқты Түркия үшін маңызды іргелі мәселелерде қадам басу керектігін қайталады.

Швецияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG-ге қарсы нақты ұстаным ортаға қою керектігін білдірген президент Ердоған осы тұста Швециядан Түркияның алаңдаушылығын жеңілдететін бір өзгеріс көрмегендерін білдірді.

Қару-жарақ эмбаргосы мен қорғаныс өнеркәсібі секторына бағытталған заңды және іс жүзіндегі шектеулердің жойылуын, сондай-ақ ұстап беру мен депортация талаптарының орындалуын күткенін білдірген президент Ердоған барлық мәселелер бойынша нақты міндеттемелер көргілері келетінін атап көрсетті.

Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен де телефонда сөйлесті.

Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болу өтініштеріне қатысты мәселелер талқыланды. 

Президент Ердоған Швеция мен Финляндияның террор ұйымы PKK/PYD/YPG-ге қарсы нақты және шынайы қадамдар басуы, қорғаныс өнеркәсібі экспортында Түркияға қарсы эмбарго мен ұқсас шектеулерді жоюды және қарсы әрекет етпейтініне кепілгер болу керектігін баса айтты. 



Ұқсас жаңалықтар