БҰҰ-ның жүйесі өзгеруі керек

Фахреттин Алтун БҰҰ-ның түбегейлі жаңалануы керектігін айтты.

1847826
БҰҰ-ның жүйесі өзгеруі керек

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Бірікен Ұлттар Ұйымының жаһандық бейбітшілік, байлық және әділдік идеалдары аясында «Тіпті әділетті бір дүние құруға болады» деген үндеуіне сәйкес жаңадан құрылуы керектігін айтты.

Фахреттин Алтун Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте ұйымдастырылған «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі реформасы: Халықаралық жүйесінің қайта құрылуы үшін жаңа бір көзқарас» атты сессиясында видео конференция әдісімен үн қатты.

Фахреттин Алтун «Екінші Дүниежүзілік соғысы барша әлемнің жүйесін бұзды, жойды және бүлдірді. Бұл  соғыстың қайталанбауы үшін 1945 Түркия да бар 51 ел тарапынан Біріккен Ұлттыр Ұйымы құрылды. Халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті орнату және бұны қорғау ұйымның басты мақсаты еді» деген сөздер қолданды.

Алтун өткен тарихта Босния және Герцоговинада, Руандада, Косовода болған адамдық трагедияны тосуда ұйымның шарасысдығын баяндады. Алтун  ең соң Ресейдің Украинаға қарсы жасаған және әлі жалғасқан шабуылдарына да ұйымның  шарасыздық үлгісін көрсеткенін түсіндірді.

БҰҰ-ның қазіргі жүйесінің жаһандық мәселелерді шеше алмайтынын, сондай-ақ  тұңғиыққа терілгенін неше рет айтқанын баяндаған Алтун былай деді: «Соғысқан тараптардан біреуінің немесе дағдарыс туғызған тарабының біреуінің Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты мүшесі болуының процестерді қалай тосқанын көрдік. БҰҰ бұл жүйесімен әлсіздер және бейуаз зиян шегеді. Күшті бес тұрақты мүшесі пайда табады» .

Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қорғалуы үшін БҰҰ-ның түбегейлі жаңалануы керектігін баяндаған Алтун «Құрметті президентіміз айтқандай тек бес елдің барша әлемнің тағдырын белгілейтін тақырыптарда  шешім жасауы әділетті емес. Әлем бестен үлкен. Көп полярлы, көп орталықты, көп мәдениетті, кең көлемді және әділетті бір әлем құруға болады» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар