Мевлүт Чавушоғлу ағылшын әріптесі Лиз Трасспен бас қосты

Министрлер Қаратеңізде дәнді дақыл дәлізін құру тақырыбын талқылады.

1847348
Мевлүт Чавушоғлу ағылшын әріптесі Лиз Трасспен бас қосты

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қаратеңізде дәнді дақыл дәлізін құру үшін Түркияның сындарлы рөл атқарғанын мәлімдеді.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен бас қала Анкараға келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен кездесуінің артынан баспасөз мәслихатын өткізді.

Чавушоғлу Украинада ашылатын дәнді дақыл дәлізіне қатысты «Қаратеңізде дәнді дақыл делізі үшін Түркия ретінде сындарлы рөл атқарамыз. Ресейден Стамбулда өтуі жоспарланған жиналыс үшін оң жауап қайтарамыз» деді.

Украина дәнді дақылының немесе кез-келген өнімді Ресей немесе басқа елдің заңсыз сатып алуына және сатуына қарсы екендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Түркия ретінде бізге келуіне де рұқсат бермейміз» деді.

Чавушоғлу: «Келісім жасалған жағдайда Стамбулда бір бақылау орталығы және Украина су айдынының шетінде қауіпсіз аумақ бір құрылады» деді.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінішіне де тоқталған Чавушоғлу «Тек мүшелікке өтініш бергендер емес, баршаның қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек» деді.

Мевлүт Чавушоғлу «Егер бұл екі ел (Швеция және Финляндия) одақтас болғысы келсе, НАТО ішіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауап қайтарсын. Әсіресе (29-30 маусым күні өтетін) НАТО саммитінде террорға тақырыбына арналған бір сессия ұйымдастырылуын маңызды деп санаймыз» деді.

Британ министр Трасс болса дәнді дақыл мәселесінде Украина порттарынан шықпаса, келесі айға дейін бұл тақырып шешілмесе мұның үлкен ашаршылықтың бастамасына әкеліп соғатынын айтты.

Трасс Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты «НАТО-мен келіссөздер жүргіземіз. Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қатысуы бізге күш береді деп ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар