Ердоған Босния және Герцеговинадағы ішкі келісімді қолдайды

Милорад Додик президент Ердоғанның Босния және Герцеговинадағы ішкі келісімді қолдағанын айтты.

1847349
Ердоған Босния және Герцеговинадағы ішкі келісімді қолдайды

Босния және Герцеговина Президенттік  кеңесінің серб мүшесі Милорад Додик президент Режеп Тайып Ердоғанның Босния және Герцеговинадағы ішкі келісімді қолдағанын айтты.

Серб Республикасы Радио және теледидарына (RTRS) сұхбат  берген Додик Режеп Тайып Ердоғанның Босния және Герцеговинадағы барлық тараптарға әділетті және достық ниетпен қарағанын және мемлекеттегі ішкі келісімге қолдау бергенін білдірді.

Ердоғанның еліндегі мәселелерге көңіл бөлгеніне назар аударған Додик президент Режеп Тайып Ердоғанды Босния және Герцеговина Серб Республикасындағы  Баня Лука қаласына шақырғанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар