«Bayraktar AKINCI В» рекорд жаңалады

Ол 20 сағат 23 минуттық ұшудан кейін Текирдағдағы орталыққа келіп қонды.

1847313
«Bayraktar AKINCI В» рекорд жаңалады

ТР Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшылығында жүргізілген «AKINCI» жобасы шеңберінде «Baykar» компаниясынан тарапынан отандық деңгейде жетілдірілген «Bayraktar AKINCI»  шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты өзінің ұлттық авиация рекордын үшінші рет жаңалады.

Компаниядан жасалған хабарламаға қарағанда, төзімділік, жоғары биіктік және жоғары жылдамдық сынақтары үшін 21 маусымда көтерілген «Bayraktar AKINCI» сынақ барысында 45 мың 118 фут (13 мың 716 метр) биіктікке дейін көтерілді. Ол 20 сағат 23 минуттық ұшудан кейін Текирдағдағы орталыққа келіп қонды.

«Bayraktar AKINCI» сынақ барысында барлығы 6 мың 406 километр жолды бағындырып, сынақтан сүрінбей өтті.

«Bayraktar AKINCI-ның» «Bayraktar AKINCI А» моделі 8 шілде күнгі сынақта 38 мың 093 фут биіктікке көтеріліп, рекорд жасаған болатын.

«Bayraktar AKINCI В» моделі болса 11 наурызда 40 мың 170 фут биіктікке шықты. 22 маусымда болса «Bayraktar AKINCI В» өз рекордын үшінші мәрте жаңалады.



Ұқсас жаңалықтар