"Түркиямен арадағы диалог болымды"

Пашинян Түркия мен елі арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру процесінің жақсы жалғасқанын айтты.

1844448
"Түркиямен арадағы диалог болымды"

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Түркия мен елі арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру процесінің жақсы жалғасқанын айтты.

Пашинян қалыпқа келтіру процесіндегі соңғы жағдайды Әл Жазира арнасында талқылады. «Анкара-Ереван арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің жолы қандай?» деген сұраққа жауап берген Пашинян екі ел арасында арнайы өкілдер арқылы диалог басталғанын айтты.  «Диалог өте болымды,  нақты нәтижелер алатынымызға сенемін» деді ол.

Никол Пашинян елінің Әзербайжанмен қатынастарына да тоқталды.  Екі ел арасында шекара комиссиясы қалыптастырылғанын айтқан Пашинян «Халықаралық серіктеріміздің де қолдауымен шекарамызды айқындаймыз деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар