TRT Balkan қызметін бастады

Жаңа цифрлық платформа TRT Balkan македон, албан, босния, хорват және серб тілдерінде эфирге шығады.

1844108
TRT Balkan қызметін бастады
trt balkan 4.jpg
trt balkan 3.jpg
trt balkan 1.jpg

Түркия Телерадио корпорациясы TRT-нің жаңа цифрлық жаңалықтар платформасы TRT Balkan қызметін бастады.

Анкарада ұйымдастырылған таныстыру жиынында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун және TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы сөз сөйледі.

ТҰҰМ төрағасы Шентоп Балқандағы жеті елге бес тілде жаңалық тарататын TRT Balkan-ның қайырлы болуын тіледі.  Ол Түркия және Балқанның ортақ мұрасын медиа және білім беру арқылы болашаққа жеткізудің ең қасиетті жұмыс екенін атап көрсетті. «Балқандағы түрік және мұсылман бауырларымызбен білім ошақтары және TRT Balkan арқасында байланыстарымызды одан әрі нығайта түсеміз» деді ол.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун да «TRT Balkan президентіміздің басшылығында еліміздің халықаралық салада жүргізген әділет күресінде маңызды рол ойнайтынына және осы әділет күресінің Балқан территориясындағы маңызды тірегі болатынына сенемін. TRT Balkan Балқан географиясының халықаралық саладағы мықты даусы болады» деді.

Алтун TRT Balkan платформасының аймақтың шындықтарын аймақ актерлерінің аузынан әлемге жеткізетінін айтты.

TRT Бас директоры Собажы да әлемнің көптеген аймағында түрлі тілдерде жүргізілген платформаларға TRT Balkan-ды да қосқандарына қуанышты екендерін тілге тиек етті. Ол былай деді: «Балқанда медиа бәсекелестігі өте күрделі. Оның үстіне «қара үгіт-насихат» істері көп жүргізіледі. Қанды террорлық ұйым Фето-ның ықпалы да бар. Біз де осы аймақта көп тілді цифрлық жаңалықтар платформасын құру арқылы осы жүйеге қарсы шығамыз»

Жаңа цифрлық платформа TRT Balkan македон, албан, босния, хорват және серб тілдерінде эфирге шығады. TRT Balkan аймақтағы осы тілдерде сөйлейтін 30 миллиондық аудиторияға үн қатады.



Ұқсас жаңалықтар