Министр Чавушоғлу Сербияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Сербияға барды.

1844272
Министр Чавушоғлу Сербияда

Министр Чавушоғлу астана Белградта Сербия президенті Александар Вучич тарапынан қабылданды. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Бүгін министр Чавушоғлу Солтүстік Македонияның Охрид қаласында ұйымдастырылатын "2. Prespa Диалог" форумына қатысады және сөз сөйлейді. Чавушоғлу форум аясында екі жақтылы кездесу өткізеді және Солтүстік Македониядағы түрік азаматтық ұйым өкілдерімен кездеседі" делінді.  

Мевлүт Чавушоғлу 19 маусымға дейін жалғасатын Балкан сапары аясында Сербиядан кейін Хорватия, Босния және Герцоговина мен Косовоға барады. 

 



Ұқсас жаңалықтар