Билгич кейбір елдердің Түркияға саяхат ескертуін бағалады

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич мәлімдеме жасады.

1843057
Билгич кейбір елдердің Түркияға саяхат ескертуін бағалады

Түркия терроризммен күреске қатысты ынтымақтастық механизмдері аясында тиісті органдардың барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдағанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич соңғы күндері кейбір елдердің Түркиядағы азаматтарына саяхат туралы ескерту жасауы мәселесіне қатысты қойылған сұраққа қайтарған жазбаша жауабында «Аталмыш ескертулер әртүрлі халықаралық оқиғалар мен себептерге байланысты деп есептеледі. Негізінде, лаңкестікке қарсы күреске қатысты ынтымақтастық тетіктері аясында біздің тиісті органдар барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауда» деді.

Түркияның қауіпсіз бір ел екенін және терроризммен ел көлемінде және шетелде операциялармен ең тиімді күресті жалғастырғанын атап көрсеткен Билгич бұл салада қол жеткізілген жетістіктердің нәтижесінің анық көрінетінін атап көрсетті.

Билгич «Бұл тұрғыдан еліміз лаңкестік ұйымдар арасында ешқандай айырмашылық жасамай, терроризммен күресін жалғастырып жатқанымен, халықаралық қауымдастықтың қауіпсіздігіне де үлес қосуда. Негізі бұл мәселені халықаралық қауымдастық жақсы біледі, және жоғары бағалайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар