Түркияда маймыл шешегі тіркелген жоқ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

1832452
Түркияда маймыл шешегі тіркелген жоқ

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда маймыл шешегі ауруына шалдыққан адам жоқ екенін мәлімдеді.

Министр Кожа ел астанасы Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөйлеген сөзінде соңғы кездері әлемде байқалған маймыл шешегі ауруы туралы ақпарат берді.

Ол "Қажетсіз паника жаратпау керек. Бұл ауру пандемияға себеп болады дегенге сенбеймін. Маймыл шешегі ауруы бізде тіркелген жоқ. Тіркеліп жатқан жағдайда хабарлаймыз» деді.

Азаматтардың қобалжымауы керек екенін білдірген Кожа: "Біз шешек вакцинасының тиімділігі 80-85 пайыз екенін білеміз. Вакцина індет қаупі жойылған 1970 жылдардан бері жасалмаған, бірақ Америка Құрама Штаттары сол кезде медициналық процедураға байланысты жойылуы керек болған тірі вирусты жасырған» деді.



Ұқсас жаңалықтар