Түркия Ирактағы шабуылды айыптады

Түркия Ирактың Киркук уәлаятына қарасты Тазехурмату және Башир ауданына ұйымдастырылған террор шабуылды айыптады.

1831775
Түркия Ирактағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Ирактың Киркук уәлаятына қарасты Тазехурмату және Башир ауданына кеше кешкі уақыттарда ұйымдастырылған шабуылда алғашқы белгілеу бойынша 7 адамның қаза тапқанын, 2 адамның жарақат алғанын күйзеліспен үйрендік" делінді. 

Мәлімдемеде "Ирактың тұрақтылығы, Ирак халқының бірлік пен тұтастығын нысанаға алған осы қанды шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, туысқандарына сабыр және жараланғандарға шипа тілейміз" деген сөздер қолданылды. 

Мәлімдемеде Түркияның террормен күрес аясында дос және бауырлас Ирак үкіметі мен халқына берген қолдаудың да жалғасатыны атап көрсетілді.

 



Ұқсас жаңалықтар