Министр Чавушоғлу Рамаллахта

Министрі Чавушоғлу ресми сапар аясында Палестинаға барды.

1831612
Министр Чавушоғлу Рамаллахта

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мінген ұшақ Израильдің бас қала Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына қонды. Әуежайдағы қарсы алуға Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики және израильдік лауазымдылар қатысты.

Түркия-Палестина ортақ комитетінің екінші отырысына қатысатын Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Рияд әл-Маликимен кездесуінің артынан Түркиядағы университет бітірген палестиналықтармен бас қосады.

Сондай-ақ Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың Сыртқы істер министрі Чавушоғлун қабылдайтыны айтылды.

Чавушоғлу ертең Израильге оралып, әріптесі Яир Лапидпен оңаша және делегация аралық кездеседі.

Кездесу барысында аймақтық және жаһандық мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар бойынша пікір алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар