Ердоған мен Әлиев телефонда сөйлесті

Әзербайжан президенттік аппараты тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1831523
Ердоған мен Әлиев телефонда сөйлесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен Зеңгезур дәлізінің ашылуы, соның ішінде темір жол және автожол құрылысы туралы келісімге келгендерін білдірді.

Әзербайжан президенттік аппараты жасаған мәлімдемеге қарағанда Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, Еуроодақ (ЕО) Кеңесі төрағасы Шарль Мишель және Армения премьер-министрі Николь Пашинянмен Бельгияның бас қаласы Брюссельде жексенбі күні өткен кездесуі туралы ақпарат берді.

Мишель және Пашинянмен елі және Армения арасында бейбітшілік келісімінің дайындалуы, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қалпына келуі, көлік дәліздерінің ашылуы және шекаралардың белгіленуі тақырыптарын талқыланғанын атап айтқан Әлиев кездесуді оң бағалағанын білдірді.

Кеше Әзербайжан мен Армения арасында шекараларды анықтау бойынша мемлекеттік комиссия құру жөнінде шешімге қол қойылғанын атап көрсеткен Әлиев тараптардың әрі теміржол, әрі автокөлік жолы құрылыс жұмыстарына қоса Зеңгезур дәлізін ашу тақырыбында келісімге келгенін мәлімдеді.

Ердоған болса өзімен ақпарат бөліскен Әлиевке алғысын айтып, кездесуде қол жеткізілген оң нәтижелерге ризашылығын білдірді.

Аймақта тез арада бейбітшілік орнатудың маңыздылығына тоқталған Ердоған мен Әлиев Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарды да талқылады.



Ұқсас жаңалықтар