EBU Медиа саммиті Стамбулда өтті

EBU Медиа саммиті кеше және бүгін Еуропаның алдынғы қатарлы қоғамдық хабар таратушылардың басын біріктірді.

1831875
EBU Медиа саммиті Стамбулда өтті

Құрылтайшылары арасында Түркия телерадио корпорациясы «TRT» де бар Еуропалық хабар тарату одағының (European Broadcasting Union - EBU) өкілдері Стамбулда өткен Медиа саммитінде бас қосты.

EBU Медиа саммиті кеше және бүгін Еуропаның алдынғы қатарлы қоғамдық хабар таратушылардың басын біріктірді.

Саммиттің ашылу баяндамасын TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы мен EBU бас директоры Ноэль Курран жасады.

Ұлыбританиядан BBC, Франциядан France Televisions, Германиядан ARD және Италиядан RAI сынды 41 елден жоғары деңгейлі 200-ге жуық хабар таратушы мекеме қатысқан саммитте қоғамдық хабар таратудың болашағы, қоғамдық хабар таратушылардың жауапкершілігі және ынтымақтастық тақырыптары талқыланды.

Екі күндік іс-шараның қорытынды сессиясында сөз сөйлеген EBU медианы дамыту және жас аудитория департаментінің төрайымы Мадиана Ассераф «Бұл саммит келесі жылы өтетін саммитке шабыт болды деп сенемін. Біз келесі жылға қазірден-ақ асығамыз. TRT биыл ұйымдастырған саммитпен стандарттарды көтерді. Өздеріне осынан тағы бір рет рахмет айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар