TRT бас директорынан Еуропа хабар таратушыларына шақыру

TRT бас директоры Собажы Еуропалық хабар таратушыларды терроризмге қарсы тұруға шақырды.

1831104
TRT бас директорынан Еуропа хабар таратушыларына шақыру
Z.Sobacı.2.jpg
Z.Sobacı.3.jpg
Z.Sobacı.4.jpg

 

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) 41 елден 200-ге жуық жоғары деңгейдегі журналистің қатысуымен, TRT-тің ұйымдастыруымен Медиа саммитінде бас қосты. Саммитке қатысқан TRT бас директоры Собажы «Жаһандық терроризммен ең мықты күресті жүргізген Түркияның қоғамдық хабар таратушысы ретінде қайнар көзі мен мақсатына қарамастан терроризммен күресу үшін берік ынтымақтастыққа шақырамыз» деді.

 

TRT де мүшесі болып табылатын EBU өкілдері пандемияға байланысты екі жылдан кейін алғаш рет бетпе-бет кездесті. Стамбулда TRT ұйымдастырған EBU Медиа саммитіне TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы мен EBU Бас директоры Ноэль Карраннан бөлек 41 елден 200-ге жуық жоғары деңгейдегі хабар таратушы қатысты. Екі күнге жалғасатын шарада қоғамдық хабар таратудың болашағы, шешілуге ​​тиіс міндеттер, жаңа үрдістер мен жастарға қолжетімділік сынды көптеген мәселелер талқыланады.

 

«Президентіміздің «Әлем бестен үлкен» деген  ұраны – біздің ортақ және қауіпсіз болашағымызға салынатын бірден-бір инвестицияның түйіні».

Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген ТРТ бас директоры Мехмет Захид Собажы ұзақ уақыттан кейін бетпе-бет өткізілген 2022 EBU Медиа саммитін ұйымдастырғандарына қуанышты екенін білдірді. Ол дәстүрлі құндылықтар -  бейтараптық, әділдік және дұрыстықтың болашақтың цифрлық медиасының да өзгермейтін стандарттары болуы керек екенін атап өтті.  Собажы «Осы мақсатта EBU мүшелері әдеттегі ұйымшылдық рухымен одан да тыныш болашақ және сонымен бірге хабар таратушылық мәдениетінің нығаюы үшін ынтымақтастықты күшейтетінімізге кәміл сенемін.  Бірге мықты болатынымызды ұмытпауымыз керек» деді.

 

TRT бас директоры Собажы бүгінде ең маңызды әлемдік медиа актерлерінің біріне айналған ТРТ-ның 18 телеарна және 17 радио арнасы, сонымен қатар 9 цифрлық платформасы, цифрлық қолданбаларымен, ұлттық және халықаралық деңгейде көптеген іс-шаралар атқару арқылы еліміздегі хабар тарату көшбасшысы позициясын сақтап отырғанын айтты.

 

«Енді біз адамдар мен географияларға қарамастан әлемді тұтастай қарауымыз керек. Әрбір адам құнды деген ұғыммен қозғалып, елемеудің шешім емес екенін түсінуіміз керек. Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаның халықаралық платформаларда жиі айтатын «Әлем бестен үлкен» деген ұраны – әділетті жаһандық жүйе құру ұраны, бұл бәріміздің ортақ және қауіпсіз болашағымызға салынатын жалғыз инвестицияның түйіні. Негізінен Түркия қазір ең маңызды халықаралық мәселелерде басшылар бас қосқан, жаһандық аудитория жақсы жаңалықтар күтетін, мәдени кездесулер мен шешім ұсыныстары шығарылатын, әлемнің бейбітшілік алаңы болған сирек елдердің бірі. Осы тұрғыда біз EBU да назар аударатын мәселе ретінде жастар мен қоғамдық хабар тарату арасындағы қарым-қатынасқа басымдық беретін зерттеулерді жүргіземіз және жастардың жаһандық мәселелерге көзқарасы және олардың шешімдеріне орын береміз» деді ол.

 

TRT халықаралық ақпарат платформалары туралы сөз қозғаған Собажы «ТРТ ретінде теледидар және радио арналарымыз және цифрлық платформаларымыз арқылы әлемнің 7 континентіне 41 тілде және диалектіде хабарларымызды жеткіземіз. Жақында TRT World-тен басқа TRT French-ті де TRT German, TRT Russian және TRT Arabic цифрлық хабар платформаларына қостық және халықаралық хабар тарату отбасымыздың ең жаңа мүшесінің құрылған күнін атап өттік. Сонымен қатар біз Африка, Балқан және парсы тілдерінде цифрлық жаңалықтар платформаларын ашу бойынша жұмысымызды жалғастырудамыз» деді.

 

«Терроризмнің қайнар көзі мен нысанасы қандай болса да, біз оған бірлесіп қарсы тұруда берік ынтымақтастыққа шақырамыз»

 

Дағдарыстар, проблемалар және өзгерістерді цифрландыру үдерісінен тәуелсіз ойлаудың мүмкін еместігін атап көрсеткен Собажы EBU Медиа саммитінде тарихи үндеу жасады. Собажы «Біз қоғамдық хабар таратушылар ретінде ақпараттың ластануы, мақсатты операциялар және жалған ақпаратпен бар күшімізбен күресе алатын маңызды мекемелерміз. Қоғамдық хабар таратушылар ретінде біздің жауапкершілігіміз мұнымен шектелмейді. Біз сонымен бірге қоғамның радикалдану, табыс теңсіздігі, жаһандық терроризм, киберқауіпсіздік және экологиялық проблемалар туралы хабардарлығын арттыруымыз керек. Жаһандық лаңкестікпен ең мықты күресіп жатқан Түркияның қоғамдық хабар таратушысы ретінде қайнар көзі және мақсатына қарамастан лаңкестікпен күресу үшін берік ынтымақтастыққа шақырамыз» деді.

 

«Түркия сериалдар экспортында Америкадан кейін екінші орында»

Саммитте ТРТ телехикаялары мен бірлескен туындыларының табысы және цифрлық жұмыстары туралы айтқан Собажы «ТРТ телехикаяларына әлемдік қызығушылықтың үлкен екеніне назар аударғым келеді. Түркия телехикая экспортында АҚШ-тан кейін екінші орында. Бұл жетістікте біздің мекеменің әлемдік телехикаяларды сатудағы көшбасшылығының үлесі зор. Біздің телехикаялар, бірлескен туындылар мен мультфильмдер үлкен сұранысқа ие. Алдағы айларда біз TRT халықаралық цифрлық видео платформамызды күшіне енгізу үшін жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Бұл цирфлық платформа және дайындалатын жаңа контент бізге EBU мүшелерімен бірлесіп жүзеге асыруға болатын бірлескен өндірістер, сонымен бірге EBU алдын ала сатып алу желісі (pre-buy network) ұсынатын мүмкіндіктер мен ынтымақтастық орайларынан көбірек пайдалануға мүмкіндік береді. TRT эпидемия кезеңінде «Content Appeal» деген атпен EBU бастамасымен құрылған тегін бағдарлама хауызы қолданбасына белсенді түрде үлес қосты, атап айтсақ, деректі фильм мен драмалар сияқты әртүрлі жанрдағы контенттерді орналастырды.  Сонымен қатар TRT кино саласында да халықаралық ынтымақтастықтарын күн өткен сайын тиімдірек қылуда.  Соңғы үш жылда ТРТ бірлесіп түсірген көркем фильмдер әсіресе Канн, Берлин, Карловы Вары, Венеция, Сан-Себастьян, Варшава және Локарно кинофестивальдері секілді 300-ден астам ұлттық және халықаралық фестивальде шамамен 275 жүлде алды. ТРТ сонымен қатар «TRT арнайы марапаттары», корпоративтік серіктестіктер және халықаралық кинофестивальдарда өткізілетін іс-шаралар арқылы осы саладағы серіктестіктерге үлес қосуда» деді.

 

Саммитте сөз сөйлеген EBU Бас директоры Ноэль Курран ТРТ-ге осы тамаша организация және жылы қонақжайлық үшін алғыс айтып, «Бірге болу - біз үшін өте құнды. Осы орайда ТРТ-мен ынтымақтастығымызды арттырамыз деп үміттенеміз» деді.

 

Еуропадағы қоғамдық хабар таратушыларды біріктіру мақсатында құрылған EBU әлемдегі ең маңызды қоғамдық хабар таратушылар қауымдастығының бірі ретінде сипатталады.



Ұқсас жаңалықтар