Швецияның Түркияға қару эмбаргосы елеусіз қалмайды

Президент Ердоған: "Түркия қорғаныс қажетін қамдауда және 40 жылдық террормен күресте одақтастарынан ешқандай қолдау көрген жоқ" деді.

1830833
Швецияның Түркияға қару эмбаргосы елеусіз қалмайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның Түркияға жасаған қару эмбаргосына елеусіз қарамайтындарын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Гөлжүк кеме жасау зауыты қолбасшылығында өткен  рәсімде сөз сөйледі.

Түркияның жаңа үлгідегі суасты қайықтарының техникалық ерекшеліктерімен таң қалдырғанын атап көрсеткен Ердоған:

"Биылдан бастап жыл сайын сүңгуірлерімізді қызметке беру арқылы 2027 жылға дейін 6 дана сүңгуірді теңіз күштерімізге қосамыз" деді.

Еліміздің тарихтың барлық кезеңінде бедел төлемеген мүмкіндікке ие болмағанын, ауыр күрестер жүргізгенін айтқан Ердоған:

"ДАИШ террор ұйымы шекарамызға зымыран лақтырған күндерде әуе қорғаныс жүйелеріміз күйретілді. Бізге ақшаға сатылмаған қарулар ДАИШ-пен күрес сылтауымен ПКК сияқты қандықол террористік ұйымдарға жүк көліктерімен жеткізілді. Түркияны террор дәлізімен қоршауға алуды армандады. Дос елдердің опасыздығына, одақтас елдердің айлакерлігіне қарамай, террорға қарсы күресте табысқа жеттік. Түркия қорғаныс қажетін қамдауда және 40 жылдық террормен күресте одақтастарынан ешқандай қолдау көрген жоқ" деді.

Швецияның НАТО-ға мүшелік өтініші жайлы Ердоған:

"Швецияның Түркияға жасаған қару эмбаргосына елеусіз қарамаймыз, мұны түсіндіру де қиын. НАТО-ға қосқан еселеріміз баршаға аян, алайда  одақтастарымызбен әлі де санкциялардың шектелуін кеңесудеміз. Талаптарымыз орындалмады,  нақтылы қадам басылмады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар