Ердоған Мицотакиске қатаң наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

1831141
Ердоған Мицотакиске қатаң наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиске қатаң наразылық көрсетті.

"Біз уәдесін орындаған, абыройлы саясатшылармен жол жүреміз" деген президент Режеп Тайып Ердоған:

"Мен үшін бұдан былай Мицотакис деген адам жоқ" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Сөзінде Грекиямен қарым-қатынастарға тоқталған Ердоған:

"Фетуллахшы террористік ұйым ФЕТО мүшелерінің Еуропаға кіру жолы Грекия емес пе? Қазір Грекияда АҚШ-тың 10 базасы бар. Онымен наурызда Стамбулда кездестік. Кездесуде арамызға үшінші елді кіргізбеу жайлы келістік" деді.

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің өткен апта АҚШ-қа жасаған сапарын ескерткен Ердоған:

"Сенатта  Түркияға қарсы қолынан келгенді жасағанына қарамай, "F-16 ұшақтарын Түркияға бермеңдер" деу арқылы  АҚШ-қа ақыл айтты" деп көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған "F-16 ұшақтары жайлы АҚШ Мицотакистің айтқаны бойынша  шешім жасаймайды" деді және "Грекиямен Стратегиялық Кеңес жиналысын өткізуді жоспарлаған едік, енді мен үшін Мицотакис деген біреу жоқ. Онымен осындай кездесу өткізуді әсте қабылдамаймын. Қалған істі өзі ойластырсын" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар