Чавушоғлу Палестина мен Израильге барады

Мевлүт Чавушоғлуның Палестина Сыртқы істер министрі Эр-Рияд Малки және Палестина президенті Махмуд Аббаспен бас қосуы жоспарлануда.

1831123
Чавушоғлу Палестина мен Израильге барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Палестина және Израильге сапармен барады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Мевлүт Чавушоғлуның Палестина және Израильге сапарлай баратыны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Министр Мевлүт Чавушоғлу 2010 жылы Түркия мен Палестина Сыртқы істер министрінің төрағалығында құрылған Ортақ комитеттің екінші жиналысына төраға болу мақсатымен 24 мамырда Палестинаға барады. Министрдің сапары аясында Палестина Сыртқы істер министрі Эр-Рияд Малкимен кездесуі, сондай-ақ Палестина президенті Махмуд Аббаспен бас қосуы жоспарлануда" деп жазылды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 25 мамыр күні Израильге сапармен барады.

Мәлімдемеде:

"Мевлүт Чавушоғлуның 25 мамыр күні Израиль Сыртқы істер министрі және балама премьер-министрі Яир Лапид мырзамен екіжақты және делегацияаралық кездесулер өткізуі, Израильмен екі жақтылы қарым-қатынастармен бірге аймақтық және халықаралық тақырыптар жайлы көзқарас алмастыруы жоспарлануда" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар