PKK-да Швеция шығарған танкке қарсы зымыран жүйесі анықталды

Швеция шығаратын танкке қарсы зымыран жүйесі түрік әскеріне шабуыл кезінде қолданылды.

1829739
PKK-да Швеция шығарған танкке қарсы зымыран жүйесі анықталды

PKK террор ұйымының ел көлемі және шекарадан тыс түрік қауіпсіздік күштеріне бағытталған көптеген шабуылда Швеция шығарған «AT-4» атты танкке қарсы зымыран жүйесін қолданғаны анықталды.

Финляндия мен НАТО-ға мүшелікке өтініш берген және Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) мен PKK мүшелерін қайтару талаптарын жауапсыз қалдырған Швеция өнімі «AT-4» зымыран жүйесі PKK тарапынан жиі қолданылады.

«AT-4» атты бір рет ататын танкіге қарсы қаруды PKK-ның түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы ішкі және шекарадан тыс шабуылдарда қолданғаны анықталды.

Соңғы рет Түрік Қарулы күштерінің Ирактың солтүстігінде жүргізген «Пенче-Килит» операциясы аймағында PKK-лық террористтер пайдаланған бір үңгірде тәркілеген қарулар арасында «AT-4» деп аталатын танкке қарсы зымыран жүйесі де бар болатын.

Бір адам тасымалдап қолданатын және тиімді қашықтығы 200-1000 метр болған «АТ-4» жаяу әскер бөлімшелерінің броньды машиналарын залалсыздандыру немесе бекіністерін жою мақсатты жобаланған.



Ұқсас жаңалықтар